Құрметті сайлаушылар мен сайтқа келушілер!

Сіздерді Атырау облысының жергілікті өкілді органы – мәслихаттың ресми сайтында көргеніме қуаныштымын. Атырау облыстық мәслихатының сайты Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдары жұмысының ашықтығы мен жариялығын қамтамасыз етуге арналған «Электрондық үкімет» жобасының құрамдас бөлігі болып табылады. Біздің сайтта Сіздерге облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуы, мемлекеттік және өңірлік бағдарламалардың жүзеге асырылуы туралы тұрақты түрде жаңартылып отырылатын мәліметтер ұсынылатын болады.